ШІРКЕУ

lat: SHİRKEÝ

зат. діни. Христиан діни ғұрыптары мен ғибадаттарын атқаруға арналған арнайы ғимарат.

Сені естігем, салтанатты нәзік үні органның,

Жексенбіде жанай өтіп, шіркеу жақта болғанмын.

Естігемін, қараңғыда, құйыңды құз, ортасында орманның,

Күрсінген күрсіністен төңірегім толған мұң (3,292).

Айтып айтпай не керек, одан Дедал шықпады,

Сол үшін де ол мені шіркеуге әкеп жыққаны,

Сол үшін де епископ отқа мені тыққаны (5,139).