ШАҒЫН

lat: SHAǴYN

сын. 1. Кішкентай, ықшам.

Асқар-асқар таулардың арасында,

Шағын ауыл, шат тұрмыс, барасың ба?

Аспанменен тілдескен алып тасты

Әлі күнге қашауда нанасың ба? (1,204).

«Алтын қалам» туралы шағын поэмасы–көріктінің көріктісі (4,310).

2. Сан жағынан аз, көп емес.

Қиқулаған қалың қол құйын дерсің,

Қайтып оған шағын жұрт тыйым берсін.

Тозған жұртты топырлап тапа кетті,

Қатыгез жау қайсыбір бұйым көрсін (2,101).

Мынау бір шағын қол еді,

Қыздардың жүрер жолы еді.

Біздердің мынау жағамыз,

Қыздырған күнге денені (3,241).