ШАБУЫЛ

lat: SHABÝYL

1) Спортшының немесе команданың нәтижеге қол жеткізу немесе қарсыласын басып озу мақсатындағы белсенді әрекеттері. Термин спорттық жекпе-жектер мен спорттық ойындарда қолданылады;

2) Спорт ойындарында шабуылдау қызметін орындайтын ойыншылар;

3) Шахмат пен дойбыда қарсыластың фигурасын, пешкісін немесе дойбысын соғу қаупін тудырған жүріс.