(араб, шаир)–ақын, орындаушы мағынасында. Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі кітаби ақын. Орта Азия мен Қазақстанда төкпе ақындар мен термеші, жыршылар шайыр деп аталады.
Ақында шайыр ақпанмын,
Аспанға ұшқан пырақтай,–дейді Жамбыл бір сөзінде.
Дәстүрлі ұғымдағы шайыр – өзі жаттаған дастан, жырды жай орындаушы емес, жанынан жаңа желілер тың айшықтар қосып, жетілдіріп отыратын сөз зергері. Шайыр міндетті түрде белгілі бір саз аспабын шергіп, өз әуенін сүйемелдеп отырады. Күмісбаев Ө.