ШАЛҒЫН

lat: SHALǴYN

зат. Қалың өскен биік шөп, шабындық.

Толқын беріп шалғынға,

Толықсушы еді самал жел.

Күн батардың алдында,

Көгілдір тартып асқар бел (1,65).

Шалғын мынау бұйра шашын таранған,

Сары, жасыл, қызыл гүлдер сан алуан.

Самалдатып сағым ақса аулақта,

Сағым болып теңселеді тау, орман.

Барлығы да сүйісуден жаралған (1,236).