lat: SHALǴYNDY
сын. Шалғын шөбі мол, шалғын қалың өскен.
Шар тастар, шалғынды сай Қарағайлы,
Шулы өзен шомылдырған шағала айды.
Жөтеліп бұлттар көшіп өтетұғын,
Жетектеп жетегінде қара қайғы (1,223).
Ойдың, қырдың шалғынды бөктерінде,
Ойын салмай сен де енді кеткенің бе?
Бір жарқ етіп қалушы ең ақ алмастай,
Бір-бір жанып құмқайрақ өткеніңде,
Сен дағы пенсияға кеткенің бе?! (3,56).