ШАЛҚАР

lat: SHALQAR

сын. Кең-байтақ, дарқан.

Менің шалқар Отаным шалқып жатқан!

Ерлігім жоқ ететін халқың мақтан,

Тұз-дәміңді кейде мен әзер жұтам,

Еркең болдым саяңа салқындатқан (2,13).

Мынау шалқар,

Мынау салқар заманда

Ақылы жоқ адам, сірә, адам ба!

«Түстен кейін маңырады ақсақ қой»,

Түстен кейін ақыл кірді жаманға (3,77).

// Зат есім мағынасында: айдын көл .

Қайран көктем, қайран гүл, қайран жазым!

Сарқылған ба, шынымен, сайран-назың?

Айныдың ба шайлығып шалқарыңнан?

Айдынымда қанатын жайған қазым (2,229).