lat: SHALQY
ет. 1. Оттың, шамның желдің әсерінен ұйтқи жануы.
Күн жылыған, жер жібіген,
Құстар келген шақтарда,
Төрдегі өрген төрт түлікке,
Төл жамырап жатқанда,
Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,
Бірде шалқып, бірден жанған, бірде өшкен оттарға (3,237).
Сығырайған майшам шалқи жанып тұр.Бұлыңғыр. Ана көзін ашты.Маруся оның құрсағын басып көрді (4,183).
2. ауыс. Дәулеті тасу, байлығы арту.
Дәулет шалқып, ырысы асқанында,
Қақысы бар қазақтың мақтануға.
Дарақы боп қазағым кетпесін деп,
Сабыры тұр күзетіп арт жағында (3,182).
Шалықтаған баладай, шабыттанып данадай.
Жас босанған анадай, шып-шып тершіп маңдайы,
шалқып жатқан даланы-ай! (2,243).
3. ауыс. Жаны жадырау, көңілі көтерілу, шаттану.
Қайғы не? Оны білмедім.
Қапысыз шалқып, гуледім.
Сондықтан әлгі күлмегім,
Алаңсыз, бейқам жүргенім!
Күндерім – досым, күндерім! (2,72).
Шат көңілім шалқымас кезі ме едің?
Қуанышпен оянып, көз ілемін.
Бір бақытты бүгін мен аттандырып,
Бір бақытпен ертесі кезігемін,
Өктәбірдің өмірге келген күнін,
Өмірге келгенім деп сезінемін (2,238).