ұлттық сырт киім. Қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалысы да болады. Ерлер де, әйелдер де, балалар да киеді. Ш-ның бірнеше түрі бар: сырма Ш., қаптал Ш., қималы Ш. Қыз-келіншектерге арналып қималы Ш-ды түрлі түсті масатыдан тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгектер) тағады. Жеңіне, өңіріне, етегіне кестеленген зер ұстайды. Қазақ халқында сыйлы адамдарға, үлкен кісілерге Ш. жауып, құрмет көрсету салты бар. «Қара ш а п а н сыртынан белін шымқай буған сарғыш жібек белбеуге оң қолын сүйеп, мықынын таянған. Маңайға бұрылып қарамастан, шырқап жылап, жоқтау айтып келеді. Абай кірпік қақпай қадалып, тыныстары да тыйылып, Тоғжан үнін тыңдаумен тұр». Бұл Бөжейдің қаралы көшінде Абай көрген көрініс еді («Бел-белесте»).