lat: SHAPAN
зат. Қалың матадан тігіліп, іші астарланған, етегі ұзын сырт киім.
Кеше ғана тартып алдың «әуес» қып,
Оның жалғыз шапанын,
Бұл неғылған әбестік!
Бұл қай қылған шатағың?!
Әй, жоқшылық! (2,42).
Шалғайдан жүрген жолаушым,
Шамданба, бізге соға кет.
Шаршаған, мүмкін боларсың,
Шапаның шеш те, қона кет (2,328).