lat: SHAR
(ар. шар شر) – ашу, кек, жанжал.
Ақылың болса, жарқыным, Жіберме шарға ісімді («Қамбар батыр». Ақсауыт. І-том. 1977).
Шарға салып басыңды, Бола көрме сен құмар («Қобланды батыр». Ақсауыт. І том. 1977).
Шырағым, қылғын жақсылық, Кетпесін шарға ісіміз («Мұхаммед пайғамбар». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).