lat: SHARF
зат. Мойынорағыш (мойынға салу үшін матадан жасалған не жіптен тоқылған бұйым).
Дүйсенбінің мойнында ескі шарф бар (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.).
Қоянның жүнінен жылы шарф тоқыған (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).
Сен маған шарфыңды бер, шарфыңды бер,
Сыйыңа сый жасаймын, нарқымды көр,
Қарызыңды мың есе қайтармасам,
Шапалақпен жағымнан тартып жібер (М.Мақатаев, Шығ.).