ШАРША

lat: SHARSHA

ет. Ауыр жұмысты істеп, қалжырау, титықтау, болдыру.

Шаршадым білем, жантая кеткім келеді.

Миыңды жеген, құрысын бүйткен өлеңі!

Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,

Аузымнан түссе, адыра қала береді (2,82).

Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым,

Ұстай алмадым, өткізіп қойып уақытын.

Сансырап, шаршап жүргенде,

Біреу тап келіп, қақты да кетті,

Айылы мықты, аты тың (3,94).