lat: SHARSHAT
ет. Болдырту, қалжырату, діңкелету.
Әлде оны сырқаты меңдеді?!
(Берілген ырқыма көн! – деді).
Әлде оны қажытты, шаршатты,
Әзіргі ауыр хал елдегі?! (1,111).
Махаббат,
Сенен келсін деуші едім ажалым,
Сүйе алмайды екем,
Тарқапты менің базарым.
Шаршапты көңіл,
Шаршатты бәрі, шаршатты.
Қош енді,
Менің ажалым менен азабым! (2,26).