lat: SHART
(ар. шарт شرط)
1. Талап, міндет.
Кәпірлер бәрі бір жол ат қояды, Патшаның әмірін тұту шарт болады («Әзірет Әлидің соғысы». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).
“Ақыреттік доспыз”, – деп, Дос шартына көністі («Қарасай, Қази» (Нұрпейіс Байғанин нұсқасы). Бабалар сөзі. 41-том. 2007. 100 томдық).
2. Келісім.
Әуелде шарт айтқан басын беріп, Уағдаға хиләф қылған алдаушылар («Қисса үш қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Шарт етті екеуі де мал-мүлкін, Қол қойды шарт қағазға бұлар еркін («Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Шарт уағда қылайын қас қылмасқа, Алланың атын бұзып кетпен алдап («Балықшы илә Ғифрит қиссасы». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Шарт қағаз – жазбаша келісім.
Шарт қағазын қолға алды, Сағат бомай қыс бойы («Исатай-Мақамбет». Дастандар, 1960).
Шарт етті екеуі де мал-мүлкін, Қол қойды шарт қағазға бұлар еркін («Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Иман-шарт – діннің міндеттері мен талаптары.
Үйретті алиф-әбжад, иман-шарттан, Кітап Құран тамамдап, өнері артқан («Һаза кітап Мұхаммед-Ханафия». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).