ШАРТ

lat: SHART

азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтатуға бағытталған екі не одан да көп тараптардың келісуі, мәміленің бір түрі.

Шарт терминімен келісімнен туындайтын азаматтық құқықтық қатынастарды да, шарттың мазмұны жазбаша түрде берілетін құжат та аталады.