lat: SHEGİRTKE
зат. зоол. Шөп арасында шырылдап, секіріп жүретін, қос аяқты, қос қанатты жәндік.
Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры.
Бәрі таныс: кісінеген құлыны,
Ін аузында шаңқылдаған суыры (3,183).
Шабындықта бөденелер, шегірткелер ән сап,
Жасыл тоғай жабығуда өздеріңді аңсап.
Оралыңдар, оралыңдар, оралыңдар елге,
Біздер үшін неге керек атақ, даңқ, мансап! (3,229).