ұлттық сырт киім. Түйенің немесе қойдың жүнінен тоқылады да, көбіне шапанға ұқсас үлгімен тігіледі. Ш-нің астарлап тігілгені сулық орнына, ал арасына жүн немесе мақта салып тігілген түрі жеңіл пальто не қаптал шапан орнына киіледі. Ш-ге қара масатыдан үлкен қайырма жаға да салады. «Мағаштың бешпет ішігінің тысы, түйе жүнінен түйін жіп қосып, қызғылт-сұр етіп тоқыған биязы шекпен болатын. Соған қоңыр күрең барқыт жаға, жең салып қала тігіншісі тіккен еді» («Жұтта»).