lat: SHEKSİZ
сын. 1. Ұшы-қиры жоқ, кең-байтақ .
Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,
шуақ болып шашылмай жылына ма?
Сүй Отанды!
Шыныңмен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да (1,175).
Аспанға қарап келді адам,
аспанға қарап кетті адам,
Шынымен аспан шексіз бе?!
Белгісіз осы тек маған (1,235).
2. ауыс. Өлшеусіз, қалтқысыз.
Шексіз сүйем ұлтымды сүйе тұрып алайда.
Басқа адам баласына көз алартсам, қалай ма?!
Ұлтын сүю бір бөлек, ұлтшыл болу жарай ма?!
Қайтіп айтам Дантеге, Жетпейсің деп Абайға?! (1,241).
Шелек шәрісінен шексіз сәлем!
Күліп отырсың, біліп отырмын... Сабыр, сабыр! (4,237).