ШЕКСІЗ

lat: SHEKSİZ

сын.1. Ұшы-қиыры жоқ, кең-байтақ.

Ұйқысындай сиырдың,

Иір-иір, иір құм.

Жоқтай құмнан қымбаты,

Осы шексіз қиырдың (С.Мәуленов, Алыс кет.). 

2.ауыс. Өте көп, мол.

Шетсіз, шексіз күшім бар

Мақтанарлық ісім бар.

Марқабатты елім бар.

Шалқыған байтақ жерім бар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Қ

3.ауыс. Өлшеусіз, қалтықсыз.

Мың сүйсем, есім кетіп танданып ем,

Сүйіп ем ұзақ кеште жан-тәніммен.

Қызығы сүйісудің шексіз екен,

Ояндым сүйгім келіп таң сәріден (К.Салықов, Жезкиік.).