ШЕНДЕСТІРУ, антитеза-

lat: SHENDESTİRÝ, antıteza

бір-біріне кереғар ұғымдарды, мән-мағынасы әр тарап құбылыстарды, түр-түсі бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы суреттеу. Ш. поэзияда мол ұшырайды. Ал романда классикалық түрі бейнеленген. Саятшылыққа шыққан Абайлар адасып, боранды далада, құтырған дауыл ішінде қалады. «Сондай ұлыған қарлы дауыл астында елсіз, меңіреу дала Абайдың өзі туып өскен сахарасы болса да, қазірде соншалық мейірсіз, қатал, өгей анадай. Кеше ғана балалығы мен жігіттік жастығының жасыл шөбі сарғаймас алтын бесігіндей болса, сол қызықты қан жайлау қазір суық қабыр ызғарындай аяздап, қырауытып тұрған тас табытындай» деп, жазушы жылдың жаз бен қыс мезгілін қарама-қарсы суреттеген («Оқапта»).