lat: SHET
зат. 1. Заттың бір жағы, біткен жері.
Кәрі жартас жатыр тік,
Жел дамылдап бетінде.
Әлдеқалай жалғыз түп
Гүл өсіпті шетінде (1,43).
Көкжиектерді жалғаған Аспалы әсем көпірге,
Балалық шақ-ай! Заулаған,
Жетуге соның шетіне (3,131).
2. Елдің, Отанның бір бұрышы, шеткі бөлігі.
Сапар ұзақ, тағы да аяңдайсың,
Алыпқашпаң басылып баяулайсың.
Ел шетіне жетесің, жетесің де,
Көргеніңнің бәрісін баяндайсың (1,185).
Міне, Мен Отанымның шетіндемін,
Тыныштық, Өтуде түн, өтуде күн.
Қасиетті жерімді қарауылдап,
Қайыспай күзетуге бекінгенмін.
Мен, міне, Отанымның шетіндемін (3,20).
3. Бір нәрсенің жағасы, жиегі .
Күйіп-пісіп шопыр жүр шыр айналып,
Жол шетінде бастығы тұр ойланып.
Тағат қылмай аулыма жаяу тарттым,
Машина да, бастық та былай қалып (2,121).
Кең көшенің шетінде ,
Жолы, міне, жаяудың.
Сол біреуге жетуге,
Енді ғана таяндым (3,238).
4. Оңаша, оқшау, бөлек жер.
Күреңіменен атылып шетке шықты да,
Айғайлап тұрып анықтап, нақ-нақ, ұқтыра:
– Дәрменсіз сорлы кедей-кепшікті бұқтыра,
Күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар мықтыға! (2,108).
Ащы жырым құйылса етке барып,
Ашырқанып алайда сөкпе, халық.
Шарам толы шаттығым, мұңымды айтпай,
Шау тартатын жайым жоқ шетте қалып (3,151).