ШЕТКІ

lat: SHETKİ

сын. Шетте тұрған, шет жақтағы.

Әлдекімнің үні естілді анау шеткі бөлмеден,

Үні естілді, демек тірі, демек тірі... өлмеген.

Абайсызда бөлмеге енген ажал екен, қарындас,

Өмір-өлім ортасында тұра қалды көлденең (3,76).

Ауылға да жетті. Қора-жайы қомақты, ауласы кең, шеткі бір үйге келіп түсті (4,195).