lat: SHLAM
[нем. Schlamm] зат.1. Кенді бұрғылау кезінде ұнтақталып шыққан өнім (тау жынысы, тұнба).
2. Мысты, мырышты және т.б. металдарды электролиздеу кезінде тұнбаға түсетін, әдетте, құрамында асыл металдар болатын ұнтақ тәрізді өнім.
3. Сұйықтықты тұндырған не сүзген кезде қалатын тұнба.
Ақаба суларды тазарту көлемі ұлғайған сайын шлам массасы да ұлғайып, оны сақтау және пайдалану проблемасын күрделілендіре түседі (Қаз. тілі термин. Экология).
4. Пайдалы қазылымдарды байыту кезінде көмірдің не руданың судағы тұнбасы не жұқа жүзгіні (Қаз. тілі термин. Кен.).
Өнеркәсіптік ақаба сулардың шламы немесе олардың тұрмыстық ақаба сулармен қоспалары құрамында едәуір мөлшерде ауыр металдар және басқа да уытты заттектер болады (Қаз. тілі термин. Экология).