ШОШҚА

lat: SHOSHQA

зат. Бітімі жұмыр, аяқтары қысқа, айыр тұяқты сүт қоректі өсімтал хайуан; доңыз.

Мойнындағы біреудің ақ қапшығы аспалы,

Көрсетіп тұр көгілдір, тұрпайылау шошқаны .

«Не үшін келдің мұнда деп тұрпайы үн тастады (5,81).

Шынымен еткен еңбек еш кете ме?!

Ұрланып есіл өмір босқа өте ме?!

Тәкаппар, ұлы өмірдің зор толқыны,

Шетіне лақтырып шошқа ете ме? (1,68).

// Сын есім мағынасында: жағымсыз, жаман.

Бұл күні менің қатын-баламнан басқа жақының қалмаған сияқты. Қүні-түні келгенде, олардан да шошқа мінез көрем (4,54).