ШПИЛЬ

lat: SHPIL

(шатырұш) олланд тілінен spil, неміс тілінен Spille) 1) якорьді түсіріп, көтеруге (якорьлі шпиль), кеменің болат арқанын тартуға (болат арқан шпилі), аулар мен тралдардарды судан тартып шығаруға және т.б. арналған тік барабаны бар кеме жүкшығыры. Шпильдер қолмен қозғалысқа келтірілетін және механикалық (бу, электр, гидравликалық) қозғалысқа келтіретін құрылғылы болады, ол әдетте палубаның астында орналасады; 2) ұшы өте сүйірленіп келген конус түріндегі ғимараттың тік үшкір ұшы. Шпиль (шатырұш) көбіне ту, сомдалған немесе ойылған мүсіндермен аяқталады (мысалы, Петербургтегі Адмиралтейство шпиліндегі (шатырұшындағы) кеме).