lat: SHTÝRMAN
зат. Кемелерді, ұшақтарды және басқа ұшатын аппараттарды жүргізетін, су, әуе кемелерінің қозғалу бағытын, келе жатқан орнын т.б. айқындайтын және бақылау жасайтын маман. Ол Астрахань қаласындағы штурмандар даярлайтын курсты бітірді (Теңіз тарландары).
Штурман, астроном, геодезист, инженерлер, физиктер геометрияның ең терең деген қорытындыларын пайдаланбайынша істерін алға бастыра алмайды (О.А.Жәутіков, Жаратылыстану ғылым. техниканың дамуындағы матем. ролі.).