lat: SHUǴA
(пар. чухе چوخه) – әртүрлі жүннен тоқылған мата.
Берендіктен, белдіктен, Шұға менен терліктен («Нәрік». Қырымның қырық батыры. 2005).
Халас қылып, құтқарсам Ғабдуссаламды, Мың адамға шұға тағам, тон берем, – деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
Қырмызыдан терлiгi, Шұғадан желдiгi («Қарасай-Қази» (Айса Байтабынов жыршының нұсқасы). Бабалар сөзі. 42-том. 2007. 100 томдық).