ШҰҒЫЛА

lat: SHUǴYLA

зат. Күннің нұры, жарығы, сәулесі.

Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,

Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен?

Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар, бал ма екен,

Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен? (1,213).

Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,

Көкжиек пен көкжиек қосылғанда (1,278).