ШҰБАР

lat: SHUBAR

сын. Малдың өзінің негізгі түсінен өзгеше басқа ір түсті теңбілдері бар түр-түсі . Екі көзім, шұбар ат, сенде менің, Өкпем кеуіп, артыңнан терлегемін. Әуре етейін деген бір әзілі деп, Өзімді-өзім жұбатып, сенбегемін (1,244). Деп тұрғам жоқ сенен мен өш алайын, (Кездесті ғой қайрымсыз неше ағайын). Шұбар атың аман ба, өлген жоқ па? Сынған жоқ па сондағы кәшуайың? (1,244).