Қайта сақтандыру шарт талаптарының бірі. Оған сай тәуекеллерді қайта сақтандыруға тапсыратын сақтандыру компаниясы әлі ақысы төленбеген белгілі сомаға өзі резерв құруға және өзіне ұстап қалуға құқылы. Сақтандыру және қайта сақтандыру экономикасында аяқталмаған шығын сомасын жоғары дәлділікпен бағалау өте маңызды және содан кейін шығынның адекватты резервін бекіту керек. Сақтандыру жағдайлары бойынша шағым білдірілген кезде сақтанушыларда үнемі шығын сомасын айту мүмкіндігі бола бермегендіктен немесе оны нақты дәлділікпен анықтай алмағандықтан сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында өздері аяқталмаған шығындар сомасын бағалайды. Тәжірибе сақтандыру компанияларының мұндай бағаларды көтермелеу талпынысы туралы куәландырады. Сақтандырудың бірнеше түрлері бойынша аяқталмаған шығындар резервін бағалаудың бірқатар әдістері бар. Ең көп тараған әдіс ол орташа шығын базасындағы бағалау. Онда шығынның орташа сомасы белгілі бір мерзім ішінде (әдетте 5 жылда) бір жылдық шығындар көлеміне көбейтіледі және қалыптасқан сомадан осы жыл аралығында төленген шығындар сомасын шегеріп тастайды. Алайда, бұл жағдай шығын резервін есептеуде өзіндік ерекшелігі бар теңіздік сақтандыруға жатпайды.