lat: SHYǴYRSHYQ
зат. Екі басы дөңгеленіп келіп, бір жерден түйіскен, ортасы ашық, жұмыр темір.
Ойға өріс таппаған, тілге – дерек,
Ойнақы жырым менің кімге керек?
Тулайды тұтқындалған ақтиіндей,
Шығыршықты айналып шыр көбелек (2,169).
Өтсе, өтсін! Басыма бақ бұйырмай,
Тіл кесілмей, тұрса екен жақ қиылмай.
Енді менің күнелтер жағдайым жоқ,
Шығыршықта айналған ақ тиіндей (3,151).