lat: SHYMSHYQ
зат. зоол. 1 . Үлкендігі торғайдай, құйрығы ұзындау, көк, сұр түсті, ерте көктемде келетін жыл құсы ; наурызек .
Ақымақ-ай!
Бір көрінсең болмай ма?
Табар едім, саған барар жол қайда?
Шыр айналған шынашақтай шымшық та,
Шырылдап кеп ұясына қонбай ма? (2,86).
Ала қарға. Ала қарға.
Қарасы өшсін құрғырдың!
Шымшықтардың шырылы мен үні қайда
Шынашақтай бұлбұлдың?! (3,41).
2 . сөйл. Торғай (суық торғай) .
Топ шымшық тал басына үймеледі,
(Көрінген сауысқаннан именеді).
Бір орында бір биді мың қайталап,
Секектеп олар қашан билегелі (1,301).
Бақ емес, бұтаң да жоқ шымшық қонар,
Не бар саған осында ынтық болар?
Толассыз қысы-жазы соққан желің,
Өміріңнің қалғанын жыртып болар (2,296).