ұлттьқ жасау. Жас жұбайлардың төсегінің алдына тұтылады. Жаңа түскен келін алғашқы күндері қайын сіңлісімен, қыз-келіншектермен бірге Ш. ішінде отырады. Ол жібектен, атластан тігіледі. Биіктігі 2 м, ені 4-5 м шамасы. Оның ашпалы, тұтас түрлері болады. Басқы жиегіне зер ұстап, 3-4 жерден үкі тағылады. «Абай ақырын сәлем беріп, жасаулы отауға кіргенде, аққұба жеңге төсек жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстінде отыр екен. Табалдырықтан төрге шейін жайылған әдемі алаша. Тамның бар қабырғасы тұскиіз, жібек кілеммен қапталыпты. Ақ жібек ш ы м ы л д ы қ биік сүйек төсекті жартылай қоршап апты» («Бел-белесте»).