lat: SHYMYLDYQ
зат. 1 . Төсек-орынды басқалардың көзінен тасалау үшін құрылған үй бұйымы .
Әппақ шымылдық құрылып қойған, сырлы ағаш төсек (4,176).
Мен соғыста болғамын жоқ, қатыспадым, бармадым.
Батыр ойынын ойнайтынмын, (батыр болу – арманым).
Білем бірақ, шымылдықтар түсірілмей қалғанын,
Бесік жыры болғандығын қатындардың зарлары (1,239).
2 . Сахнаны ашып-жауып тұратын перде .
Шымылдық алдында жас ақын – Айбар (4,203).
Қасым стаканды еденге бір қойып қиратады. Жарық сөнеді. Шымылдық сыртында Айбар. Дастанын оқып отыр (4,205).