ШЫРАЙ

lat: SHYRAI

1зат. Адамның көркі, өңі, ажары.

Көдентердің күн сайын Құлпырды гүлдей шырай ыырайы Әлпештеп өте бағады, Бір жыл өтіп арадан Екіге жасы шығады (Құлқаныс-Зеберше).

Қызда қылық болмаса.Құр шырайдан не пайда, Егер дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда (Бұқар жырау).

Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар, өңі кетіп шырайы сары болар, Ер елуге жетсе де айыбы жоқ, Әр уақытта біреудің жары болар (Шал ақын).