lat: SHYRALJYN
зат. өс. 1. Шашағы нәзік күлтелі, күрделігүлділер тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік.
Шыралжынш Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Биіктігі – 40-150 см. Жапырақтары бүтін, ұзынша, сарғылт көк түсті. Жаз, күз айларында гүлдейді. Тағамдық, дәрілік, құрамында эфир майы бар өсімдік (Қаз. тілі термин. Биология).
2. Сыпырғыш жасайтын өсімдік (Қаз. тілі аймақ сөздік.). Құм қырқаларының селдір шыралжың бұталары ақ қырауынан сілкініп, күн көзіне күрең бүршіктерін төсегендей күн жақ беті алақошқылданып көрінеді (С.Бегалин, Әңгім.).