ШЫРША

lat: SHYRSHA

зат. бот. Таулы жерлерде өсетін, қарағай тұқымдас, қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш.

Тығып ап тұмсықтарын мамығына,

Айдын-төсек, аспанды жамылуда.

Арша, шырша , жартастар жағадағы,

Сұғынып бәрі көлге табынуда (2,174).

Мені күтіп кәрінің қалған анық,

Халін біліп қайтайын тауға барып.

Есен бе екен көк сүңгі шыршалары ,

Еркелетіп тұр ма екен қыр самалы (3,161).