[ағыл. CIF, Cost – құн, insurance – сақтандыру, Freigt – фрахт] з а т. э к о н. 1. Сыртқы саудадағы сатып алу-сату шартының түрі. Тауарды с и ф шартымен жеткізу кезінде оның шартта көрсетілген сату бағасына тауардың құны, сақтандыруға және апарылатын портқа дейін тасымалдауға жұмсалатын шығын кіреді (Қаз. тілі термин. Экономика.). 2. Шеттен әкелінетін тауардың шекаралық бағасы. С и ф т е шетелден сатып алуға жұмсалатын шығын, тауарды келетін портына жеткізу, кеме бортынан айлаққа түсіру үшін қажетті халықаралық тасымал мен сақтандыру төлемі қамтылады (Қаз. тілі термин. Экономика.).