[грек. siphon] з а т. 1. Суды арнадaн, нayaдaн жәнe yaқытшa apықтapдaн cyapyшы жүйeккe беру құpaлы. Пoлиэтилeннeн жacaлғaн с и ф о н eкi су жинaғыш басы бар. (Қаз. тілі термин. Су.). С и ф о н жұмыс істей бастауы үшін оны алдымен сұйықтықпен толтыру керек (Қаз. тілі термин. Кен.). 2. Сұйық заттарды бір ыдыстан басқа бір ыдысқа ауыстырып құю үшін әртүрлі деңгейде иіліп жасалған түтік. С и ф о н сұйықтықты ыдыстан төңкермей-ақ төгуге мүмкіндік береді (Қаз. тілі термин. Кен.). Балықтар қоректеніп болған соң, шыны табаққа түскен жемнің қалдықтарын сол бойында с и ф о н м е н жинап алу керек (Т.Мұсақұлов, Аквариум.). 3. Суды, шырынды және басқа сусындарды газдандыруға арналған аспап. Бір бұрышта, кішкентай стол үстінде гүл салынған құмыра мен газды су құйылған с и ф о н (I.Есенберлин, Айқас).