ЦИКЛ

lat: SIKL

Тақырыбы, не кейіпкерлері ортақ шығармалар топтамасы. Кейде жанрлық ұксастығы да ескеріледі. Мысалы, көркем прозада И. С. Тургеневтің «Аңшының әңгімелері», Дж. Голсуарсидің «Форсайттар туралы» романдар мен новеллалар сериясы. Циклге енген әрбір шығарма жеке алғанда өзінің дара сипатын сақтай алады, бірақ тізбегімен тұтас алғанда бірін-бірі толықтырып, ұғымдырақ көрінеді. Лирикалық цикл 19-ғасырда орыс поэзиясында пайда болды. Кейін символистер поэзиясына кең жайылады. Лирикалық циклді сюжет, тақырыбы, сыршылдық сөз толқуы біріктіреді. 20-жылдарда А. А. Ахматова, В. А. Луговской циклдері, прозада М. Пруст, У. Фолкнер, М. Горький, драматургияда Шоу циклдері шықты. Циклдің түрлеріне трилогия мен тетралогияны да жатқызу кездеседі. Қазақ әдебиетінде Абайдың, махаббат, табиғат лирикасы кең мағынасында алғанда бөлек-бөлек циклге жатқызуға болар еді. Сұлтанмахмұттың философиялық лирикасы да жеке тұрғанда бір цикл деуге неден Шәкәрім Қудайбердиевтің жастық, кәрілік туралы өлеңдері осындай циклге келеді. Бірақ, әрине, тақырыптас, жанры, стилі жағынан ұксас шығармаларды автордың өзі біріктіріп топтаса ғана тура мағынада цикл деп айтуға болады. Осы соңғы мағынасында цикл деген ұғым қазіргі дәуірдегі әдебиетте ғана қалыптаса бастады. Бергідегі қазақ поэзиясында, мысалы, К. Бекхожиннің, X. Ерғалиевтің Тәжікстан туралы циклді өлеңдері, Ғ. Қайырбековтің, С.Жиенбаевтың Қырым жөніндегі топтамалары, Т. Айбергеновтің «Маңғыстау мұнарлары», прозадан Ә. Нүрпейісовтің «Қан ментер», X. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиялары циклден топтамадан тұрады. Ахметов З.