ЦИКЛДЕР

lat: SIKLDER

болон процесі шеңберінде қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесінде оқытудың үш циклін (сатыларын\деңгейлерін) ажыратады. Алғашқы белгіленген «бака­лавр» мен «магистр» бағдарламалары бойын­ша оқу циклдерімен қатар Берлиндегі (2003 ж.) конференцияда Еуропа елдерінің білім министрлері жоғары білім берудің негізгі екі деңгейін қосымша үшінші саты ретінде докторлық деңгейді енгізді. Үшінші циклдің негізгі компоненті білімді өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы алға бастыру болып табылады. Оқыту процесіндегі зерттеу қызметінің және докторлық және докторлықтан кейінгі деңгейде мобильділіктің маңызы атап көрсетіледі.