с ы н. Теңдік, мөлшерлестік заңына бағынған, симметрияға құрылған. Қазақ ою-өрнектерінің с и м м е т р и я л ы құрылысы, әр бөлшегінің өзара пропорциясы бар (З.Серікқалиев, Ақыл.). Егер Күн болмаса Жердің магнит өрісі с и м м е т р и я л ы болар еді (Т.Омаров, Күн. құбылыс.). Мәселен, жұп функцияның графигін құру үшін, алдымен оның графигін х-тің мәндері үшін құрып алып, сонан кейін жазықтықтың осы графиктің нүктелерімен ординатаға қарағандағы с и м м е т р и я л ы нүктелерінің жиынын табу керек (О. Жәутіков, Жоғары математика.).