СИМВОЛИКА

lat: SIMVOLIKA

з а т. 1. Шартты белгілер мен символдар арқылы түпкі идеяны, ойды тұспалдай, астарлай, меңзей айту құбылысы. Қос кейіпкердің шағаламен тілдесуі с и м в о л и к а түрінде бейнеленген екі жастың келешектегі өмір нысанасы мен бақытқа, үлкен махаббатқа ұмтылуы іспеттес («Қаз. әдеб.»). 2. Символдардың жиынтығы. Әскери с и м в о л и к а.