[лат. sinus] з а т. м а т. Тригонометриялық төрт ұғымның (синус, косинус, тангенс, котангенс) бірі. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының с и н у с ы деп, осы бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтады (ҚСЭ). Математикада с и н у с ұғымын енгізгендер – үнді оқымыстылары. Әл-Хорезми олардың зерттеулерін жалғастырып, өзінің астрономиялық трактатында математика тарихында тұңғыш рет с и н у с т а р кестесін жасады (А.Көбесов, Математика.). Үнділіктер ол хордалардың жартысын сәйкес бұрыштың жартысының с и н у с ы м е н алмастырады (А.Көбесов, Математика.).