СИНГАРМОНИЗМ

lat: SINGARMONIZM

морфонологиялық құбылыс; морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық (кейде консонаттық) түрленуінің нәтижесі. Сингармонизм құбылысы бар тілдерде сөз құрылысы тәуелсіз (басым болатын) бөліктен (әдетте бұл түбір) және тәуелді бөліктен (аффикстен) тұрады. Фонологиялық белгінің сингармонизм Негізі болғандықтан: тембрлі сингармонизм (орынға байланысты), лабиальды сингармонизм (тілдің таңдайға жақындауынан) деп бөлінеді. Негізінен сингармонизм агглютанивті тілдерге тән құбылыс. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Оны дауысты дыбыстардың үндесуі деп те анықтайды. Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі қазақ сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Фонеманың мағына айқындаушылық қызметін түркі тілдерінде сингармонизм атқарады.