[грек. sintagma] з а т. л и н г в. 1. Сөйлеу кезінде бірінен кейін бірі тізбектеліп келетін ең аз дегенде екі тілдік элементтердің тіркесіп келуге жымдасып кірігу құбылысы. Сөйлеу кезінде белгілі бір типтегі с и н т а г м а н ы ң пайда болуы тілде қалыптар мен үлгілердің болатындығын байқатады (Қаз. тілі энцикл.). 2. Тұтас синтаксистік интонациялық-мағыналық бірлік. Ғалымдардың екінші бір тобы болса, сөйлеу әрекеті ритмикалық-интонациялық бірлікті, сөйлеу тактісін с и н т а г м а деп санайды (Қаз. тілі энцикл.).