СИНТАГМА

lat: SINTAGMA

1) контексте берілген бір ұғымды білдіретін интоноциялықмағыналық бірлік. Синтагма бір сөзден, сөздер тобынан және сөйлемнен тұруы мүмкін. Л.В.Щерба синтагманы тұтас мағынаны беретін фонетикалық бірлік ретінде қарастырады. Синтагмаға бөлудің негізгі құралы - пауза. Ол сөйлеу әуенімен (мелодика), ырғақпен (темппен), күштілікпен (интенсивность) қоса жұмсалады. Синтагманың соңғы тұрған сөзіне ең күшті екпін түседі; 2) белгілі байланыс түрімен жалғанған екі не одан да көп тіл бірліктерінің тізбегі (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) (Ф.де Соссюр).