СИНТАГМА

lat: SINTAGMA

Қазіргі тіл білімінде бұл термин екі түрлі мағынада қолданылады. Совет тілшісі Л.В. Щербаның ілімі бойынша, синтагма екпіннің, интонацияның тәсілімен жасалған сөзде болатын мәндік (синтаксистік), сондай-ақ фонетикалық тұтастық. Ол бір немесе бірнеше сөзден құралып контексте тұрғанда дара я күрделі мағынаны білдіреді. Синтагма сөйлемнің бір бөлімі боп саналады. Синтагмаға бөліну омонимді сөйлемдерді өз ара ажыратуға әсерін тигізеді; мысалы: орыс тілінде «писать («долго умел» және «писать долго») не умел». Француз лингвисті Фердинанд Де Соссюрдің ілімі бойынша, синтагма сөйлемде, сөйлем мүшесінде, конструкцияда бір комплекс жасайтын екі я бірнеше элементтердің (белгілердің) қосындысы.