СИНТАКСИСТІК

lat: SINTAKSISTİK

с ы н. Синтаксиске тән, синтаксиске қатысты. Бағыныңқылы сабақтас сөйлем с и н т а к с и с т і к компоненттердің себеп пен салдарлық қарым-қатынаста болуы арқылы құрмаласады («Қазақст. мект.»). Біздің тілде жасалған калька орыс тіліндегі сөздің морфологиялық немесе с и н т а к с и с т і к құрылымын мүмкіндігінше беруге тырысады («Білім және еңбек»). Құрмаластағы жай сөйлемдердің бастауыш пен баяндауыштарының белгілі грамматикалық формалар арқылы байланысын с и н т а к с и с т і к тәсіл дейміз (Қазіргі Қаз. тілі).